Алғыс айту күніне арналған сынып сағаты өткізілді.
7 «Ә» сыныбында 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларды ризашылық білдіруге, үлкенді құрметтеуге, достық пен бірлікті қадірлеуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар бір-біріне, ата-аналарына және ұстаздарына алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді. Тақырыпқа байланысты өлеңдер оқылып, тәрбиелік мәні бар әңгімелер айтылды.