С . Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп " коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10.02.2026ж.
"Ғажайып жаратылыс - ғажайып ғылым !"тақырыбында 5"а" сынып оқушылармен ашық сайыс сабақ өткізілді.

Табиғат- нағыз ғажайып жаратылыс ! Айналамыздағы аспан , күн, су , өсімдіктер мен жануарлар - бәрі де ерекше . Әрбір гүлдің ашылуы , құстың ұшуы , жаңбырдың жаууы - үлкен құпияға толы. Ғылым - болашақтың кілті .Білімді болып , табиғатты қорғау - біздің міндетіміз. Ғажайып жаратылысты танып - білу арқылы біз ғажайып ғылым әлеміне қадам басамыз!

Сабақтың мақсаты:. Оқушыларға табиғаттың ғажайып құбылыстары туралы түсінік беру. Ғылымның табиғатты зерттеудегі рөлін түсіндіру .Табиғатты қорғауға және білімге қызығушылықтарын арттыру.
Білімге ұмтыл , табиғатты сүй!
Ашық сайыс сабағын өткізген : Қосымша Білім беру педагогы - Айхынова Айша
