30
декабрь
2025
«Қош келдің Жаңа жыл»
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы “№40 Сәбит Мұқанов атындағы ЖББМ” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырушы-педагог:Бабақұл Ұлпанның ұйымдастыруымен 26.12.2025жылы «Қош келдің Жаңа жыл»атты 8–11 сынып оқушылары үшін Балмаскарад өтті 

Іс-шараны қызықты әрі ерекше ұйымдастыруға 10 сынып оқушылары атсалысты.
Балалар әртүрлі кейіпкерлердің костюмдерін киіп, шығармашылықтарын көрсетті, би билеп, ән айтты және көңілді ойындарға қатысты. Күлкі мен шаттық атмосферасы мектеп залын толық қамтыды.
Балмаскарад оқушыларға достықты, шығармашылықты және мерекелік көңіл-күйді сезіндірді. Осындай іс-шаралар біздің мектептің бірлігін арттырып, әр оқушыға есте қаларлық сәт сыйлады 


