23
декабрь
2025
« Жаман қылықтардан аулақ бол!»
"С. Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 19.12.2025 жылы « Жаман қылықтардан аулақ бол!» тақырыбында қыздар кеңесінің төрайымы Бедилова Д және хатшысы Айхынова А ұйымдастыруымен кезектегі қыздар жиналысы болып өтті. Қыздар кеңесінде 9 А -сынып оқушысы Қалдыбай Н баяндама оқыды. Тақырыпқа сай ойындар ойнатылады. ДТІЖО Еркебаева С және тәлімгер Балықбаева Н жеке қыздарға арналған ойларымен бөлісті. Мақсаты: Қыздарды жаман қылықтардан аулақ болуға, дұрыс жолды таңдауға және саналы өмір сүруге үндеу. Жаман әдеттерден бас тартып, жарқын болашаққа қадам жасауға шақыру.



