04
декабрь
2025
«Қазақ гидронимдері» атты тақырыпта ашық сабақ
География апталығы жалғасуда. Мектебімізде география апталығына орай география пәні мұғалімі Сейт Ғабиттың ұйымдастыруымен 9 «А» сынып оқушыларымен бірге «Қазақ гидронимдері» атты тақырыпта ашық сабақ өтті. Ашық сабақ жоғары деңгейде, керемет ұйымшылдықпен өтті.
Топтық және жұптық жұмыстар жүргізіліп, оқушылар көлдер, өзендер және мұздықтар туралы анықтама жұмыстарын жүргізіп, негізгі ерекшеліктері, түрлері, маңызы туралы толық түсініктер алды.


