05
май
2025
Жасанды интеллекттің (ЖИ) адам өміріндегі орны, мүмкіндіктері мен қауіптері туралы терең ой
Бүгін мектебімізде заманауи әрі өзекті тақырыпта ашық сабақ өткіздік. Сабақ барысында оқушылармен бірге Жасанды интеллекттің (ЖИ) адам өміріндегі орны, мүмкіндіктері мен қауіптері туралы терең ой қозғадық.
Оқушылар:
ЖИ-дің білім беру, медицина, техника салаларындағы пайдалы жақтарын талдап, нақты мысалдар келтірді;
Сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздік, адам қабілетінің әлсіреуі, жұмыссыздық сынды ықтимал қатерлерді де сараптап, пікірталас жүргізді.
Сабақтың мақсаты – тек білім беру емес, сыни ойлау, технологияға саналы көзқарас қалыптастыру болды.
ЖИ – заман талабы, бірақ оны бақылаумен, адам игілігі үшін қолдану – біздің міндетіміз.
Осындай сабақтар арқылы оқушыны тек пәнге емес, өмірге де дайындаймыз.


