09
апрель
2025
"Қамқорлық" "Ағаш егу – ұрпаққа мирас"
"Қамқорлық" жобасы аясында мектебіміздің бітіруші түлектері "Ағаш егу – ұрпаққа мирас" атты экочеллендж бастамасын қолға алды.
Түлектеріміз туған мектептеріне, туған жеріне деген алғысын білдіру мақсатында жасыл желек отырғызып, болашақ ұрпаққа үлгі боларлық игі іс жасады.
Бұл – жай ғана ағаш емес, бұл – алғыс, бұл – аманат, бұл – айналаға қамқорлықтың көрінісі.
Біз осы бастаманы еліміздің барлық мектеп бітірушілеріне жолдаймыз!
Экочелленджді жалғастырыңыз – өзіңізден кейінгілерге өмір сыйлаңыз!
