14
апрель
2025
"Көркем еңбек жүректен шыққан өнер"
Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты "С. Мұқанов атындағы 40 жалпы білім беретін мектеп" 14-18.04.2025ж аралығында "Көркем еңбек жүректен шыққан өнер" атты көркем еңбек пәні апталығының ашылу салтанаты өткізілді. Мақсаты: Көркем еңбек пәнінде жаңа технологияларды, идеяларды қолдана отырып оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып өнерлі ұрпақ тәрбиелеу. Апталық жоспарымен бірлестік жетекшісі Ж. Хожбанова апай таныстырып, өтті. "Ою-өрнек арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау " тақырыбында баяндама оқыды.



