13
январь
2025
«Музыка рухани азық»
«С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 13.01.2024 ж күні «Музыка рухани азық» апталығының ашылуы болып өтті.
Музыка апталығының мақсаты – музыка өнерін насихаттау, халыққа музыкалық мәдениеттің маңыздылығын түсіндіру, жас таланттарды қолдау және музыкалық білім беру деңгейін көтеру. Сондай-ақ, музыкалық шығармашылықты дамыту, әртүрлі музыкалық бағыттар мен жанрларды таныстыру, өнер саласындағы жаңа идеялар мен инновацияларды алға жылжыту болып табылады.




