13.02.25ж. күні “С.Мұқанов атындағы №40жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде футбол жарысы өтті!
“Үйірменің үйретері көп”атты қосымша білім беру педагогтарының апталығы,”Спорт денсаулық кепілі” 8-11 сынып оқушылары (ұлдары) арасында футбол жарысы ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рухты қалыптастыру.
Жарыс нәтижелері:
1 орын: 11- сынып оқушылары
2 орын: 10”А”-сынып оқушылары
3 орын:10”Ә”-сынып оқушылары
Ұйымдастырушы:
ҚББП: Серікбай Е
Бұл шара оқушылардың спорттық рухын арттырып, олардың командалық жұмыс пен ынтымақтастығын нығайтуға үлкен септігін тигізді. Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!