09
апрель
2026
«Жас Ұлан – болашақ сарбаз» тақырыбында ұлдар кеңесі өткізілді.
«Жас Ұлан – болашақ сарбаз» 
Мақтаарал ауданының білім бөіліне қарасты С Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ДТІЖО: Мырзалиев Қ. және АӘД пәні мұғалімі: Қуанышбек М. ұйымдастыруымен 8–11 сынып ұл балдарына арналған «Жас Ұлан – болашақ сарбаз» тақырыбында ұлдар кеңесі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, әскери қызметке деген қызығушылықтарын арттыру және жауапкершілік сезімін дамыту.
Кеңес барысында оқушыларға әскери тәртіп, Отан алдындағы борыш, ер азаматқа тән қасиеттер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оқушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.
– Әскери-патриоттық бағыттағы іс-шараларды жиі ұйымдастыру;
– Әскери мамандықтар туралы ақпараттық жұмыстарды күшейту;
– Тәртіп пен жауапкершілікті арттыруға бағытталған тәрбиелік жұмыстар жүргізу;
– Әскери қызметкерлермен кездесулер өткізу.
Кеңес жұмысы жоғары деңгейде өтті. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ашық білдірді. Қатысушылардың қызығушылығы мен белсенділігі ерекше атап өтілді.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақты елін қорғайтын нағыз азамат, болашақ сарбаз ретінде тәрбиелеуге зор ықпал етеді.


