20
март
2025
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты "С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Біртұтас тәрбие "бағдарламасы аясында тарих пәні мұғалімі Ә. Бекжанов, және музыка пәні мұғалімі Г. Дүйсенбаеваның ұйымдастыруымен 16-Наурыз "Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр, ұлттық ойындар күні" тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық спорт түрлері және ұлттық аспаптармен ән-күйлер орындалды.
Мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу.
Ұлттық ойындар мен салт- дәстүрлер туралы білімдерін, білгендерін тереңдету арқылы халық даналығын ұрпақ санасына сіңіру, құрметпен қарауға дағдыландыру, ұлттық ойындарды қайта жаңғырту.



