Ақбілек романындағы жағымды жағымсыз кейіпкерлер » С. Мұқанов №40 ЖОМ
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының
Мақтарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Мұқанов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ақбілек романындағы жағымды жағымсыз кейіпкерлер
24
ноябрь
2021

Ақбілек романындағы жағымды жағымсыз кейіпкерлер

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты С.Мұқанов атындағы №40 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Аяпова Гулмира қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Ақбілек романындағы жағымды жағымсыз кейіпкерлер тақырыбында ашық сабақ өтті
Ақбілек әлемі
Cан қырлы дарын иесі Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы өзінің ғажайып көркемділігімен қазақ әдебиеті тарихынан ерекше орынға ие. Онда азамат соғысы жылдарындағы қазақ елінің шындығы суреттеліп, айтылмай қалған ақиқат әшкере болады. Қаншама қаламгердің қаламына ілікпей қалған трагедиялық жағдай шығарма өзегіне айналған. Бұл жайттардан автордың ұстанымы айқын аңғарылады. Қаламгер құдіреті – тарихи деректі жазушы ретінде терең зерттеп, өмір құбылысын көркем бейнемен көрсетуінде. Аймауытов үшін айыпты – аласапыран уақыт. Кінәлі мылтық кезеңен қашқын орыстар мен бірін-бірі жау көрген қазақтың алтыбақан – алауыздығы. Белсенді Мұқаштың опасыздығы бірліктен айырылған Мамырбай ауылының тірлігі болмаса, Ақбілек қасіреті туындамас еді. Жүсіпбек романында кейіпкерлердің жақсылығы да, жамандығы да мінез табиғатынан, әлеуметтік ортадан, тартыс атаулыдан тыс тұрмайды. Нағыз өмірдегідей шынайы қалпында бейнеленеді. Адам жаратылысы қаншалықты күрделі болса, Жүсіпбек сомдаған қаһармандардың жан –дүниесі соншалықты күрделі. Сондықтан да, «Ақбілектегі» кейіпкерлерді біріңғай жағымды, жағымсыз деп бөліп, бағалауға келмейді. Әрине, кезең, дәуір қайшылықтары олардың да бойынан көрініс табады. Монархия үшін майданға кірген ақ гвардияшылар кеңес үкіметі толық жеңіске жеткен тұста жаңа билікке мойынсұнбай қарақшылықпен күн көреді. Кісі өлімі, зорлық-зомбылық олардың қазаққа жасаған кесір-кесапаты империялық талғам түсінігі шығарма желісінде әшкере болады. Орыс атымен танылатын есімдері белгісіз кейіпкерлер «Жиренсары», «Қарамұрттарды» осында кездестіреміз. «Ақбілек» осындай ақиқат шындықты әйгілегені үшін орыс халқына қарсы жазылған шығармалар қатарына қосылды. Автор болса, «халық жауы» ретінде қамауға алынып, ату жазасына кесіліді. Қазақ прозасына ішкі монологты молынан ендіруде Ж.Аймауытов еңбегі айрықша көзге шалынады. Жиырмасыншы жылдар басындағы шағармаларда өте сирек кездесетін бұл тәсіл «Ақбілекте» жүйелі түрде көзге шалынады. Басты кейіпкердің қарақшылар қолына түскен сәтіндегі, елге оралғандағы қалада оқып жүрген мезеттердегі, түрлі жайттарға байланысты ойлары, толғаныстары бұған дәлел болса керек. Ж. Аймауытовтың адамның нақты күйі мен мінез-құлқын берудің өзіндік қолтаңбасын, соның ішінде монологтары жайында Г.Пірәлиеваның «Ішкі монолог» атты зерттеу еңбегінде сөз болғанын айта кеткен жөн. Басты кейіпкер Ақбілектің бөтенге білдіре бермейтін сыры мен мұңы тек монологтармен көрінген. Қалай дегенмен, бұл тәсіл шығарманың реалистік бітімін, психологиялық талдауын күшейте түскен. Ж.Аймауытов сомдаған әйелдер бейнесі оқырманды сендірмей қоймайды. Қаламгердің пайымдауынша әйелдер жақсылықтың да, жамандақтың да бастау көзі. Жазушы қазақ әйелін асқақтата дәріптемейді. Керісінше, оған сын көзімен қарайды. Кей тұстарда сықақ ете суреттейді. «Саулы бозінген» дегенге түйе екен деп қалмаңыз. Түйеден кісі ұн сұрай ма? Бұл қазақтың жыны бар ғой, әжептеуір кісіні Бозінген деп шығарып. «Бұт жимас» демегеніне де шүкіршілік. «Саулы бозінгеннің» кім екенін айта кетеміз бе? Неміз кетіп барады? Бос сөзге жанымыз құмар ғой, айтсақ айта кетейік» ( 196 - бет). Сонымен «Ақбілек» романының кемел-кесек туындыға айналуына Ж.Аймаутовтың көп жылдық тәжірибесі соның ішінде әсіресе психология ілімін зерттеп және пьеса жазуы зор ықпал етті. Аталған тақырыптың жазушының негізгі нысанасына айналуы уақыт сыры жайында түрлі жанрда қалам тартып төселуі «Ақбілек» романының табысты дүние ретінде танылуына әсері күшті болды. Оның үстіне автор «Ақбілек» романын жазушылық шеберлігі әбден жетілген кезде жазған. «Әйел теңдігі» журналының 1927, 1928 жылдарындағы сандарында жария бола бастаған тұста-ақ қазақ әдебиетіне өзгеше бітімді мазмұны терең, көркемдігі биік туындының келгенін әйгіледі. Расында, «Ақбілек» романының ақталғанына жиырма бес жыл уақыт өтті. Содан бері неше қайтара оқысақ та, одан алар әсеріміз бір кемейтін емес. Қайта бұл шығарманың өміршендігін, көркемдік әлемін анығырақ оқығандай боламыз. Жазушының өзіне тән стилі, қайталанбас қолтаңбасы «Ақбілек» романында толығымен тұтастай танылғанын көреміз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив